Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран президенті Ибрахим Раисидің қазасы: тікұшақ апатының негізгі себебі аталды

Жарияланған күні:

Ибрахим Раиси
Ибрахим Раиси. Фото: Office of the President of the Islamic Republic of Iran via Getty Images

Иран қарулы күштерінің бас штабы Ибрахим Раиси тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты қорытынды есебін жариялап, апаттың негізгі себебін атады. Бұл туралы "РИА Новостиге" сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Басылым ақпаратынша, тікұшақ қиын климаттық жағдайларға байланысты апатқа ұшыраған.

"Тікұшақ апатының негізгі себебі аймақтағы көктем мезгілінің күрделі климаттық жағдайлары, қалың тұман массасының кенеттен пайда болуы болды.

Нәтижесінде әуе кемесі тауға соғылған", - деп Иранның қарулы күштері бас штабының есебін келтіреді агенттік.

Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ елдің солтүстік-батысында апатты жағдайда қонғаны хабарланып, бірнеше сағат өтсе де табылмай жатқанын жазған едік.

IRNA агенттігі Иранның вице-президенті Мохсен Мансуридің сөзіне сілтеме жасап, тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін Иран президенті Ибрахим Раисидің жанындағы екі адам бірнеше рет байланысқа шыққанын хабарлаған.

Алайда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Салами ирандық телеарнаға Раиси ұшқан тікұшақтың жолаушылары ұшақ қатты қонғаннан кейін байланысқа шыққаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтқан.

20 мамырда апатта жағдайда қонған тікұшақтың бөлшектері табылғаны мәлім болды. Кейін Иран президентінің тікұшақ апатынан қаза тапқаны хабарланды.

23 мамырда Ибрахим Раиси елдің солтүстік-шығысындағы туған қаласы Мешхедте жерленді.

Ибрахим Раисидің қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.

Кейін қайғылы жағдайға байланысты елде бес күндіз аза тұту күні жарияланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, Ибрахим Раиси мен үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2155836-iran-prezidenti-ibrahim-raisiding-qazasy-tikushaq-apatynyng-negizgi-sebebi-ataldy/