Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңылтпаш айтқан Қытайдағы қазақ дикторлары таңдай қақтырды (видео)

Жарияланған күні:

Дикторлар. Видеодан кадр
Дикторлар. Видеодан кадр: instagram.com/maulenqazaq

Желіде Қытайда жаңылтпаш айтқан қазақ дикторларының видеосы тарады. Желі қолданушылары дикторларға жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы maulenqazaq парақшасында жарияланды. Бес диктордың әртүрлі жаңылтпашты мүдірмей айтқан сәті видеоға түсірілген.

Желі қолданушылар тілшілердің таза қазақ тілінде сөйлегеніне сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырыпты.

"Тұнық қазақ емлесі", "Шынымен керемет жүргізушілер сияқты", "Қандай керемет жүргізушілер, үндерінің өзі от қой", "Нағыз қазақтар", "Жүргізушілердің сырт келбеті жағымды екен", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, белгілі қазақстандық тележүргізуші Әйгерім Сейфолла "1001 түн" бағдарламасынан кетті. Оның орнына ток-шоуды енді журналист әрі блогер Арай Әлімхан тізгіндейді.

Бағдарламаның бұрынғы жүргізушысы Әйгерім Сейфолла Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, өзі 2 жыл 4 ай жүргізген "1001 түн" ток шоуынан кетіп бара жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2156659-zhangyltpash-aitqan-qytaidagy-qazaq-diktorlary-tangdai-qaqtyrdy-video/