Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Америкада мектептегі атыс салдарынан төрт адам қаза тапты, 14 жастағы күдікті ұсталды

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: pexels.com

Американың Джорджия штатында Атлантадан солтүстік-шығысқа қарай 70 км жердегі Апалачи мектебінде атыс болды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, тоғыз адам түрлі жарақат алды.

Штат билігі шабуыл жасаған күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Бұл мұндай оқиғаларда сирек кездесетін жағдай, өйткені көбіне күдікті полициямен атыс барысында қаза табады.

Осы жолы да күдіктінің "бейтараптандырылғаны" туралы хабарламалар түскен, алайда штат полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейін жергілікті билік аталған мектептің 14 жастағы оқушысы ұсталғанын мәлімдеді.

Оған төрт адамның өліміне қатысты айып тағылмақ. Оқушы кәмелетке толмаған бала ретінде емес, ересек адам ретінде сотталады.

2023 жылдың мамырында ФТБ қызметкерлеріне оқушының желіде "мектепте оқ атамын" деп қорқытқаны туралы жасырын хабарламалары түскен. Олар баладан жауап алған, бірақ тұтқындамаған.

АҚШ-тың Бас прокуроры Меррик Гарланд билік әлі де болған оқиға туралы ақпарат жинап жатқанын айтты. Ал құрама штаттардың президенті Джо Байден қаза тапқандарға, зардап шеккендерге және олардың отбасыларына көңіл айтты. Ол Америка мұндай трагедияларды қалыпты жағдай ретінде қабылдай алмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2157402-amerikada-mekteptegi-atys-saldarynan-tort-adam-qaza-tapty-14-zhastagy-kudikti-ustaldy/