Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Ақаев өзіне Қырғызстанның экс-президенті мәртебесін қайтарып беруді сұрады

Жарияланған күні:

Асқар Ақаев
Фото: Sputnik / Руслан Кривобок

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрады. Тиісті хат Жогорку Кенешке түскен, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламенттік комитеттің басшысы Чолпон Султанбекова басылымға Ақаевтан парламент спикерінің атына хат 30 шілдеде түскенін айтты.

"Төраға Нұрланбек Шәкиев Ақаевтың хатын бізге жолдады, мен оны бүгін таңертең алдым. Бірақ бұл жылдам процесс емес.

Барлық фракциямен, депутаттармен кеңесу керек. Егер бұл орынды болса, онда мәселе күн тәртібіне шығарылып, шешім қабылданады", - деді Султанбекова.

БАҚ мәліметтері бойынша, қызғалдақ төңкерісінен кейін (2005 жылы) Жогорку Кенеш Ақаевты "тұңғыш президент" мәртебесінен айырды. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін уақытша үкіметтің жарлығымен ол "экс-президент" мәртебесінен де айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2157495-asqar-aqaev-ozine-qyrgyzstannyng-eks-prezidenti-martebesin-qaitarudy-surady/