Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан өз азаматтарына уақытша Ресейге бармауға кеңес берді

Жарияланған күні:

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі
Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі: mfa.gov.kg

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілгендіктен, азаматтарын бұл елге барудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шара Ресейдегі шетел азаматтарына қатысты бақылау күшейтілгендіктен қабылданған. Бұл туралы 5 қыркүйекте Қырғызстаннның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

"Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі маңызды себебі жоқ азаматтарға қосымша қауіпсіздік шаралары аяқталғанға дейін Ресей Федерациясына барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Сонымен қатар қажет болған жағдайда Қырғызстан азаматтары елшілік телефондарына хабарласу арқылы тиісті көмек немесе кеңес ала алады",- делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғызстанда бұрынғы президент Асқар Ақаев өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұраған. БАҚ мәліметтері бойынша, 2005 жылғы қызғалдақ төңкерісінен кейін Жогорку Кенеш Ақаевты "тұңғыш президент" мәртебесінен айырды. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін уақытша үкіметтің жарлығымен ол "экс-президент" мәртебесінен де айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2157570-qyrgyzstan-oz-azamattaryna-reseige-uaqytsha-barmaudy-usyndy/