Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірнеше жолаушы зардап шеккен: Turkish Airlines ұшағы турбуленттілікке тап болған

Жарияланған күні:

Әуежайдағы ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі сурет: unsplash.com

Стамбұлдан Тайбэйге ұшқан Turkish Airlines ұшағындағы бірнеше жолаушы турбуленттілік салдарынан зардап шекті. Бұл туралы әуекомпаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға туралы Түрік әуе жолдарының өкілі Яхья Устюн X парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, әуе кемесі қонуына екі сағат қалғанда ауа райының қолайсыздығынан турбуленттілікке тап болған. Бортта 214 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған.

"Турбуленттілік салдарынан төрт жолаушы мен екі стюардесса зардап шекті", - деп қоса кетті тасымалдаушы өкілі.

Ол ұшақтың Тайбэй әуежайына сәтті қонғанын, жолаушыларды медициналық топ күтіп алғанын айтты. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Олардың өтініші бойынша бір-екі адам ауруханаға жатқызылды.

"Әрқашан ұшу және жолаушылар қауіпсіздігіне басымдық беретін Turkish Airlines оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіреді. Біздің жолаушыларымыз бен экипаждың денсаулығы бақылауда", - деп қорытындылады Яхья Устюн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2158000-birneshe-zholaushy-zardap-shekken-turkish-airlines-ushagy-turbulenttilikke-tap-bolgan/