Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Александр Масляков қайтыс болды

Жарияланған күні:

Александр Масляков. Фото
Александр Масляков. Фото: telegram.org/kvnofficial

8 қыркүйекте танымал тележүргізуші, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Александр Масляков қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат КВН-нің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Александр Васильевич Масляковтың 2024 жылғы 8 қыркүйекте қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз.

Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін аңыз адам болды және мәңгі солай болып қалады. 1964 жылдан бастап ол Ресейде және шетелде әзіл мен сатира символына айналған КВН бағдарламасын жүргізді.

Александр Васильевич көптеген марапаттарға ие болды, "Отанға сіңірген еңбегі үшін" орденінің толық иегері, "AMиK" шығармашылық бірлестігінің негізін қалаушы болды. Оның отандық ойын-сауық телевидениесінің дамуына қосқан үлесін бағаламауға болмайды. Александр Васильевич Масляковты мәңгі есімізде қалады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2158809-kvn-bagdarlamasynyng-zhurgizushisi-aleksandr-masliakov-qaitys-boldy/