Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырдан "Союз МС-26" ғарыш кемесі ұшырылды

Жарияланған күні:

"Союз МС-26" ғарыш кемесі
"Союз МС-26" ғарыш кемесі. Скриншот: "Роскосмос"

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-2.1а" зымыран тасығышы пилоттық "Союз МС-26" ғарыш кемесімен ұшырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Роскосмосқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Telegram-дағы "Роскосмос" арнасында таратқан ақпаратқа сенсек, ғарыш кемесі "Союз" Астана уақыты бойынша 21:23-те Байқоңырдан ұшырылған. Экипаж құрамында Алексей Овчинин, Иван Вагнер және Дональд Петтит бар.

Кеме белгіленген орбитаға шығарылып, зымыранның үшінші сатысынан ажырау, антенналар мен күн батареяларының панельдерінің ашылуы жоспарға сәйкес өткен.

Енді, ведомство мәліметі бойынша, кеменің "Рассвет" модулімен түйісуі Астана уақытымен 00:33-те болады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2160325-baiqongyrdan-soiuz-ms-26-garysh-kemesi-ushyryldy/