Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей Қырғызстанға жел электр станциясын салып бермек

Жарияланған күні:

Жел электр станциясы
Жел электр станциясы. Көрнекі фото: pixabay.com

2025 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Көк-Мойноқ ауылында жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Басылымға берген сұқбатында "Росатом жаңартылатын энергия" АҚ Бас директоры Григорий Назаров жел паркінің белгіленген қуаты 100 мегаватт болатынын айтты.

"Ол 200 гектар жерде орналасады. Қондырғылардың өзі аз орын алады, тиісінше осы жердегі жолдар мен жайылымдар жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болады", - деп атап өтті Назаров.

Григорий Назаров құрылыс аяқталғаннан кейін станция 25-30 жыл ішінде электр қуатын өндіре алатынын айтты.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2160742-resei-qyrgyzstanga-zhel-elektr-stantsiiasyn-salyp-bermek/