Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Ливанда рациялар жарылды: жарылыстан қанша адам қаза тапқаны белгілі болды

Жарияланған күні:

РАция
Рация. Фото: freepik.com

Ливанда "Хезболла" қарулы тобы қолданатын портативті рациялар жарылып, 14 адам қаза тауып, 450-ден астам адам жарақат алды.

Жарылыстар сәрсенбі кешке елдің оңтүстігі мен Бейрут қаласының оңтүстік жағында басталған.

Ливанның мемлекеттік Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, Бекаа алқабының оңтүстігіндегі Сохмар қаласында белгісіз "құрылғылардың" жарылуынан үш адам қаза тапты.

NNA тілшілерінің бірі орталық Бекаадағы Али әл-Нахри ауылында жолда болған жарылыстан екі адам жараланғанын хабарлады. Басқа тілші Бекааның оңтүстігіндегі Дждейдет Марджейун қаласындағы зираттың жанында көлікте пейджер жарылғанын жеткізді.

Рациялар жарылуынан жалпы 14 адам қаза тауып, 450-ден астам адам жарақат алды. Оқиға "Хезболла" мүшелері жерлеу рәсімін жасап жатқан кезде болған. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар мен жарақат алғандар санын растады.

Ливан Қызыл Кресті елдің оңтүстігі мен шығысында 30-ға жуық жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылғанын хабарлады. Бұған қоса бірнеше жаралы елдің астанасы Бейрут пен Баальбек қаласындағы ауруханаларға жеткізілген.

Израильдің "Моссад" агенттігі бірнеше ай бұрын "Хезболла" импорттаған пейджерлерге жарылғыш заттар орнатқаны туралы ақпарат таратты. Осы жарылыстардан кейін Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галант "Хезболлаға" қарсы жаңа соғыс басталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар 60 мыңға жуық израильдік "Хезболланың" әуе шабуылдарына байланысты елдің солтүстігінен эвакуацияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Ливанның бірқатар қаласында рациялар жарылғаны, құрылғылар "Хезболла" тобының мүшелеріне тиесілі болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2163210-livanda-ratsiialar-zharyldy-zharylystan-qansha-adam-qaza-tapqany-belgili-boldy/