Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров Илон Масктен сыйға алдым деген Cybertruck қашықтан өшірілгенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Рамзан Қадыров пен Cybertruck
Рамзан Қадыров пен Cybertruck. Фото: t.me/RKadyrov_95

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Илон Маск сыйлады деген Tesla Cybertruck қашықтан өшірілгенін және көлікті сүйреп апаруға тура келгенін мәлімдеді. Бұл ақпарат Рамзан Қадыровтың Telegram-дағы арнасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Илон Маск әдепсіз қылық жасады. Жүректен шыққан қымбат сыйлықтар береді де, кейін оларды қашықтан өшіреді," - деп жазды Қадыров.

Ол "пулеметпен жабдықталып, арнайы әскери операцияға жіберілген" сыйлықты еске салды.

"Машина жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындап жүрді. Маневрлікті және экипажды жақсы қорғай алатынын көрсетті. Жақында Маск кибертракты қашықтан өшіріп тастады. Бұл еркекке тән қылық емес. Темір тұлпарды сүйреп апаруға тура келді. Илон, қалайша бұлай жасайсың?" - деп шағымданды жазба авторы.

Бұған дейін Қадыров Масктан Cybertruck электромобилін алғанын айтқан еді. Кейін Маск Қадыровқа Tesla Cybertruck сыйламағанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2163645-ramzan-qadyrov-ilon-maskten-syiga-aldym-degen-cybertruck-qashyqtan-oshirilgenin-malimdedi/