Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Wildberries-тің Мәскеудегі кеңсесіне шабуылдан соң алты адам қамауға алынды

Жарияланған күні:

Тұтқындалғандардың бірі
Тұтқындалғандардың бірі. Фото: t.me/moscowcourts

Мәскеудің орталығындағы Wildberries-тің бас кеңсесіне жасалған шабуылдан соң алты адам ұсталды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ Мәскеу қаласының Басман сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір алдын ала тергеу органдарының қамауға алу туралы өтініштері қанағаттандырылған. Бұл туралы Мәскеу қаласының жалпы соттарының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Алты айыпталушы 1 ай 30 тәулікке, яғни 2024 жылдың 18 қарашасына дейін қамауға алынды. Олар:

  • Сайфулаев А. А.;
  • Коноплев И. С.;
  • Нурматов М. Х.;
  • Канаев Р. М.;
  • Ефремов А. В.;
  • Мажиев М. Х.

Жақында Мәскеудің орталығындағы "Романов двор" бизнес орталығында орналасқан Wildberries кеңсесінің кіреберісінде атыс болған еді.

Маркетплейс директоры Татьяна Бакальчук мұны "рейдерлік шабуыл" деп атады. Татьяна Бакальчуктің жұбайы және компанияның 1 пайыздық акция иесі Владислав Бакальчук кеңсеге келіссөздер жүргізу үшін келгенін мәлімдеді.

Кейін жарақат алғандар туралы ақпарат шықты. Кейбір дереккөздер үш адам зардап шекті десе, басқалары жетеу, оның үшеуі полиция қызметкері дейді. Сонымен қатар, ұсталғандар туралы ақпарат пайда болды.

БАҚ атыстан бір адам мерт болып, екеуі жараланғанын хабарлады. Кейін жараланған екінші адам да қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты.

Осыдан кейін Wildberries-тің негізін қалаушы Татьяна Бакальчук кеңсе алдындағы атысқа байланысты күйеуі Владиславқа үндеу жасады.

"Қаруланған адамдар біздің кеңсеге басып кіріп, атыс ұйымдастырды, тәртіпсіздік жасады. Жас жігіттер көз жұмды. Владислав, сен не істеп жүрсің? Ата-анаң мен балаларымыздың көзіне қалай қарайсың? Бұл жағдайды мұндай абсурдқа қалай жеткіздің?", - деді Татьяна Бакальчук көз жасына ерік беріп.

Кейінірек Ресейдің Тергеу комитетіне жақын дереккөздер Владислав Бакальчук қамауға алынғанын хабарлады. Дереккөздің сөзінше, Wildberries негізін қалаушының күйеуіне кісі өлтірді деген айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2164023-wildberries-ting-maskeudegi-kengsesine-shabuyldan-song-alty-adam-qamauga-alyndy/