Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу жалғасады: Comedy Club-тың жабылғаны туралы хабар әзіл болып шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Гарик Харламов пен Павел Воля
Гарик Харламов пен Павел Воля. Фото: t.me/GPMofficial

20 қыркүйекте Гарик Харламов шығарылымның анонсында Comedy Club бағдарламасының жабылғаны хабарлаған болатын. Жүргізушілер бүның әзіл екенін жеткізіп, шоудың жаңа маусымын ашық деп жариялады, деп хабарлайды RG.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТНТ арнасында Мәскеу уақытымен 21.00-де көрсетілген шығарылым соңғысы деп жарияланды.

"Құрметті достар, бүгін біз сіздерге өте маңызды жаңалықты айтамыз. Комедия клубының жабылып жатқанын растаймыз", - деді Гарик Харламов сахнада тұрып.

Осыдан кейін Павел Воля әйгілі юморлық шоудың қалай басталғанын айтып:

"Қош бол, ескі Comedy Club. Сәлем, Comedy Club-тың жаңа 20-маусымы", - деді Павел Воля.

Басылым Харламовтың комедия клубының жаңа шығармашылық продюсері болғанына екі айдан аз уақыт өткенін атап өтті.

"Осылайша ол жаңа шығармашылығын сынап, миллиондаған көрерменді әзіліне сендірді. Сонымен қатар, бағдарлама жасаушылар көрермендердің өздері туралы пікірлерін білді. Адамдардың көбі жұлдыздардан бастап, блогер, үй шаруасындағы әйелдерде комедия клубының жабылу жайлы жазды", - деді мақала авторлары.

Айта кетейік, Гарик Харламов Instagram желісіндегі парақшасында жаңа маусымды ашық деп жариялады.

"Comedy Club комедия клубының жабылмады және ондай жоспар жоқ. Бұл біздің жобаның жаңа кезеңі.

Иә, соңғы кезең аяқталды. бірақ бұл финал емес, 20-шы маусымдағы жаңа тараудың басы", - деп жазды Харламов.

Ол жаңа маусымда көрермендерді "мұнан да көп әзіл, ерекше шығарлымдар күтеді" деп уәде берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2164288-shou-zhalgasady-komediia-klubynyng-zhabylgany-turaly-habar-azil-bolyp-shyqty/