Жогорку Кенеш Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтарудан бас тартты
Жарияланған күні:
Жогорку Кенеш Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару туралы өтініштен бас тарту шешімін қабылдады. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Еске салсақ, 3 қыркүйекте Жогорку Кенешке Асқар Ақаевтан экс-президент мәртебесін қайтару туралы хат келіп түскен болатын.
Хат Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және ТК регламенті жөніндегі комитетке жолданды және оның мүшелері депутаттарға өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды. Парламентшілер комитеттің ұсынысын қолдады.
Асқар Ақаев елді 1990 жылдан 2005 жылға дейін басқарды. 2005 жылы 24 наурызда Отбасылық, авторитарлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қызғалдақ төңкерісі нәтижесінде ол орнынан құлатылды. Осыдан кейін Ақаев Қырғызстаннан кетіп, содан бері Ресейде тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2165680-zhogorku-kenesh-asqar-aqaevqa-eks-prezident-martebesin-qaitarudan-bas-tartty/