"Украина енді жоқ": Дональд Трамп Зеленскийді сынға алды
Жарияланған күні:
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украинаның жойылғанын, ал ел президенті әлі күнге дейін Ресеймен бітімгершілік келісім жасасудан бас тартып отырғанын айтып, Зеленскийді ашық сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
CNN ақпаратынша, Трамп Солтүстік Каролина штатындағы Минт Хилл қаласында сөз сөйлеген.
"Бұл қалалар жойылды, олар қазір жоқ, ал біз мәміле жасаудан бас тартып отырған адамға, Зеленскийге миллиардтаған доллар беруді жалғастырамыз. Кез келген мәміле қазіргі жағдайдан жақсырақ болар еді. Жойылған елдеріңіз бар, оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес", - деді Трамп.
Еске салсақ, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Украина билігі Ресеймен қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың нақты санын жасырып отырғанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2166325-ukraina-endi-zhoq-donald-tramp-zelenskiidi-synga-aldy/