Дағыстандағы жанармай құю бекетінде жарылыс: республикада аза тұту күні жарияланды
Жарияланған күні:
Дағыстанда жанармай құю бекетіндегі жарылыс құрбандарын еске алу үшін 28 қыркүйекті қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Меликов өзінің Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"28 қыркүйекті Дағыстанда аза тұту күні деп жариялауды ұйғардым, үйлеріне қайғы түскендерге қайғырып көңіл айтамын қымбатты халқым... Бірақ, біздің сірдермен бірге екенімізді және қолдау көрсететінімізді білгендеріңізді қалаймын", - деп жазды аймақ басшысы.
РБК мәліметі бойынша, Дағыстандағы жанармай құю станциясында жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 11-ге дейін өсті. Қирандылар астынан тағы бір адамның денесі алынды.
Қайтыс болғандар арасында балалар да бар.
Үкімет зардап шеккендердің отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын қабылдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2167122-dagystandagy-zhanarmai-quiu-beketinde-zharylys-respublikada-aza-tutu-kuni-zhariialandy/