Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда жаңа премьер-министр сайланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сигэру Исиба
Сигэру Исиба. Фото: Pool/Getty Images

Жапония үкіметінің басшысы болып Сигэру Исиба сайланды. Оның кандидатурасын қолдап, ел парламентінің төменгі палатасы депутаттарының көбі дауыс берді. Әрі қарай жоғарғы палата өкілдері дауыс беруі керек.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Жапонияның билеуші Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДП) басшысы Шигеру Ишиба елдің премьер-министрі лауазымына ие болды. Оны қолдап, төменгі палатаның 465 депутатының 291-і дауыс берді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Исибаның қарсыласы Конституциялық демократиялық партияның жетекшісі Йошихико Нода 100 дауыс жинады.

РИА Новости мәліметінше, Исибаның сайлануы формальды сипатқа ие болды, өйткені "Либералдық-демократиялық партия" мен "Комэйто" партиясының басқарушы коалициясы парламенттің төменгі және жоғарғы палаталарындағы көп орынды иеленген.

Жоғарғы палатада дауыс беру жақын арада өтуге тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония премьер-министрі Фумио Кишида бастаған үкімет отставкаға кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2167999-zhaponiiada-zhanga-premer-ministr-sailandy/