Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения премьер-министрі Пашинян Мәскеу орталығын велосипедпен аралады (видео)

Жарияланған күні:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: Contributor/Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян велосипедпен Мәскеудің орталық көшелерін аралаған. Оның видеосы желідегі жеке парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Никол Пашинян Instagram-дағы парақшасында Мәскеудегі өзен жағасында серуендеп жүрген видеосын жариялады.

РИА Новости мәліметінше, бірер күн бұрын Пашинян Путинмен келіссөздер жүргізу үшін Кремльге келген. Кездесу ТМД елдері саммиті аясында өтті. Басылым мәліметінше, келіссөздерде Баку мен Ереван арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесі талқыланды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайына барған болатын.

Қазақстан президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында сөз сөйледі.

Тоқаев Ресейге барған сапарында Мәскеуде көшпелі халықтардың мәдени мұрасына қызығушылық зор екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2171841-armeniia-premer-ministri-pashinian-maskeu-ortalygyn-velosipedpen-aralady-video/