Түркия астанасында теракт болды: ІІМ қаза тапқандар туралы хабарлады (видео)
Жарияланған күні:
Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ақпаратты Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
"РБК" ақпаратынша, Анкарадағы Tusaş түрік аэроғарыштық компаниясының нысанында лаңкестік шабуыл жасалды, атыс пен жарылыс дауыстары естілді.
Кахраманқазан ауданында, 17 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған компанияның "өте үлкен" нысанында жарылыс болды. Нысанның жанында Түркия әуе күштері базасы да орналасқан.
"Бүгін Анкарадағы Tusaş компаниясының нысандарында теракт болды", - деп жазды Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісінде.
"ТАСС" хабарлауынша, Анкарадағы нысанға шабуыл жасаған террористер автоматтармен, тапаншалармен қаруланған, өздерімен бірге көптеген оқ-дәрі алып, адамдарды кепілге алған болуы мүмкін. Олар қызметтік үй-жайларға кіріп кетуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2178107-turkiia-astanasynda-terakt-boldy-iim-qaza-tapqandar-turaly-habarlady-video/