Анкарадағы лаңкестік: Түркия әскерилері Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі бірнеше нысана жойылғанын хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүрік әскерилері Сирия мен Ирактың солтүстігіндегі нысандардың жойылғанын мәлімдеді. Елдің Қорғаныс министрлігі Күрдістан жұмысшы партиясының көптеген содыры өлтірілгенін хабарлады.
Әскери-әуе күштері лаңкестердің кем дегенде 32 нысанын жойды, деп жазады "РИА Новости" түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
"23 қазанда өзін-өзі қорғау құқығы аясында әскери-әуе күштері Сирия мен Ирактың солтүстігінде КЖП және басқа да террористік топтардың халқымыз бен қауіпсіздік күштеріне қауіп төндіретін лаңкестік әрекеттерінің алдын алу мақсатында операция жүргізіп, террористік ұйымның нысаналарына соққы берді", - делінген Түркия Қорғаныс министрлігі таратқан хабарда.
Әскерилер операцияның жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Анкарада теракт болған – билік оны Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері ұйымдастырған болуы мүмкін деп болжаған.
Айта кетейк, 23 қазанда Түркияның Анкара қаласында лаңкестік шабуыл болды. Салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Ақпаратты Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая растады.
Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2178225-ankaradagy-langkestik-turkiia-askerileri-siriia-men-iraktyng-soltustigindegi-birneshe-nysana-zhoiylganyn-habarlady/