Тель-Авив маңында жүк көлігі аялдамаға соғылды: 35 адам зардап шекті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомТель-Авивтің солтүстігіндегі Глилот ауданында жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды. 35 адам зардап шекті, олардың көпшілігі егде тартқан адамдар.
Times of Israel басылымында жарияланған мәлімет бойынша, жүк көлігі Тель-Авив маңындағы Глилот жол айрығында автобус аялдамасына соғылған. Әзірге 35 адам зардап шеккені белгілі болды, олардың алтауы ауыр жарақат алған, жағдайы ауыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Автобус аялдамасында адамдарды соққан жүк көлігінің жүргізушісін сол аудандағы қаруланған бейбіт тұрғындар атып тоқтатқан.
Полиция теракт әрекетін жоққа шығармайды.
Басылым Глилот ауданында Моссадтың штаб-пәтері, сондай-ақ Израиль қорғаныс күштерінің бірнеше барлау бөлімшелері орналасқанын атап өтті.
Ал Telegram-дағы Mash арнасының жазуынша, аялдамаға қатты жылдамдықпен келіп соғылған жүк көлігін содырлардың бірі айдап кеткен.
Көлік аялдамаға соғылған соң радикал автобустан пышақпен жүгіріп шығып, адамдарға шабуыл жасамақ болған. Әскерилер бірден оның көзін жойған. Кейін лаңкестің жеке басы анықталды – ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2179188-tel-aviv-mangynda-zhuk-koligi-aialdamaga-sogyldy-35-adam-zardap-shekti-video/