Ашулы жұрт Испания короліне балшық лақтырды: монарх жағдайға пікір білдірді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомИспания королі Филипп VI Валенсияда болған жағдайға пікір білдірді – нөсерден зардап шеккен жұрт король мен жұбайына балшық лақтырған еді. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге түсіністік танытуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.
Валенсия автономиялық қоғамдастығының бірлескен үйлестіру орталығына барған кезде монарх құтқару жұмыстарына қатысқандардың бәріне алғысын білдірді.
Оның айтуынша, билік зардап шеккендерге су тасқынына қатысты жағдай шешілетініне сендіріп, мәселенің шешілуіне мемлекет толықтай қатысатынына кепілдік беруі керек.
"Көптеген адамның ашуы мен шарасыз күйін түсіну керек, өйткені олар (су тасқынынан кейін – ред. ескертпесі) ауыр жайтты бастан кешті", - деді король Испания корольдік үйі жариялаған видеода.
Еске сала кетейік, оқиға жексенбі күні болды болды, Филипп VI мен оның әйелі Летиция Валенсияға барған кезде оларға су тасқынынан зардап шеккен жұрт балшық лақтырған.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, жойқын су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапқан.
Бұқаралық ақпарат құралдары жергілікті тұрғындар ресми биліктің баяу әрекетіне қатты ашуланғанын жазды. Тұрғындардың сөзінше, тазалық пен іздестіру жұмыстарының басым бөлігін тұрғындар мен мыңдаған ерікті өз күшімен атқарып жатыр.
Оқиғадан кейін корольдік үй монарх пен оның әйелі жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға сапарын қысқартып, Чиваға сапарын тоқтатқанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2182401-ashuly-zhurt-ispaniia-koroline-balshyq-laqtyrgan-monarh-zhagdaiga-pikir-bildirdi-video/