Қытайда көлік адамдар көп жиналған жерге соғылған: ондаған адам зардап шекті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚытайда көлік халық көп жиналған жерге соғылып, 20-ға жуық адам адам зардап шекті. Көлікті тізгіндеген 62 жастағы ер адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
РБК агенттігінің жергілікті басылымға сілтеме жасап хабарлауынша, Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Чжухай қаласында көлік спорт кешенінің маңында жиналған адамдарды соғып, ондаған адам зардап шекті.
Полицейлер оқиға туралы ақпаратты растап, көлікті 62 жастағы ер адамның жүргізгенін хабарлады.
Агенттік мәліметінше, Қытайдағы оқиға салдарынан 20-дан астам адам зардап шекті, кейін олар Қытайдың Чжухай қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Әзірге құрбандар саны хабарланған жоқ.
Қылмысқа қатысы бар деп көпшілікті қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 62 жастағы ер адам ұсталды.
Қазіргі уақытта ол қамауда, әрекетінің себебі белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Ескерту! Видеоны психикасы нашар адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2186096-qytaida-kolik-halyq-kop-zhinalgan-zherge-basyp-kirdi-ondagan-adam-zardap-shekti-video/