Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск Трамп әкімшілігінде қандай қызмет атқаратыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

Миллиардер Илон Маск пен бизнесмен Вивек Рамасвами Дональд Трамп әкімшілінде жаңа департаментті басқармақ. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл жөнінде қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кірісетін Трамптың мәлімдемесінде айтылған.

Трамп "Ұлы Илон Маск" "америкалық патриот Вивек Рамасвамимен" бірге Мемлекеттік тиімділік департаментін (DOGE) басқаратынын мәлімдеді.

"Екі тамаша америкалық бірігіп, менің әкімшілігіме үкіметтік бюрократияны бөлшектеуге, артық ережелерді азайтуға, ысырапшылдықты азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады", - делінген Трамп мәлімдемесінде.

Бұл ретте телеарна Маск та, Рамасвами де мемлекетпен тиімді келісім-шарттары бар компанияларды басқаратынын, яғни олар мемлекеттік мекемені басқарған кезде мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін екенін айтады. Дегенмен, Трамптың айтуынша, "үкіметтен тыс кеңестер мен ұсыныстар беретін" департаменттің нақты қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

РИА Новости ақпаратынша, жаңа департаменттің атауы Dogecoin (DOGE) болады. Бұл Маск қолдайтын криптовалютаның атауы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2186556-ilon-mask-tramp-akimshiliginde-qandai-qyzmet-atqaratyny-belgili-boldy/