"Отқа май құю": Қытай ATACMS зымырандарының Ресейге соққы жасауына рұқсат беруіне қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
АҚШ астанасы Вашингтондағы Қытай елшілігі ел президенті Джо Байденнің ATACMS зымырандарымен Ресейге соққы беруге рұқсат беруіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін бұл туралы бірқатар БАҚ хабарлаған, деп жазады "ТАСС" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қытайдың Украина дағдарысына қатысты ұстанымы дәйекті және айқын. Қытай бейбіт келіссөздерді ілгерілетуге міндеттенеді және аймақтағы шиеленістің күшеюіне және жағдайдың өршуіне әкелуі мүмкін кез келген қадамдарға қарсы", - деді АҚШ-тағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй.
Оның айтуынша, Қытай қақтығысты "отқа май құйып, жанжалды қоздырудың орнына" бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу керек деп санайды.
Еске салсақ, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский дәстүрлі кешкі үндеуінде Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат алғаны туралы мәлімдеме жасаған еді.
Сондай-ақ CNN телеарнасы АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға қашыққа ұшатын америкалық қаруларды Ресей аумағында пайдалануға рұқсат бергенін жазған.
Ақ үй мұндай шешімді Мәскеудің Ресейдің оңтүстігіндегі Курск өңіріне 50 мыңға жуық жауынгер жіберуінен кейін қабылдаған. Биыл жазда Киев күтпеген жерден Курск өңірінде қарымта шабуыл ұйымдастырған. Кремль сол аумақты қайтаруға күш салып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2188946-otqa-mai-quiu-qytai-atacms-zymyrandarynyng-reseige-soqqy-zhasauyna-ruqsat-beruine-qatysty-pikir-bildirdi/