Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парагвай президентін G20 саммитінен жедел жәрдем алып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сантьяго Пенья
Сантьяго Пенья. Фото: Jeenah Moon/Bloomberg via Getty Images

G20 саммитіне қатысып жатқан Парагвай президенті Сантьяго Пенья кеудедегі ауырсыну шағымдарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл турлы KAZ.NUR.KZ "РБК" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның парагвайлық БАҚ-қа сілтеме жасап хбарлауынша, 46 жастағы саясаткер Рио-де-Жанейродағы G20 саммитіне қатысып жатқан кезде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға түскен.

Алдымен Парагвай президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс емделген Қазіргі заманғы өнер мұражайындағы медициналық орталыққа жіберілді, деп жазады басылым.

Электрокардиограммадан кейін саясаткер жекеменшік ауруханаға жеткізілді. Пенья алдағы 24 сағат бойы емханада болады.

G20 саммиті 18-19 қарашада Рио-де-Жанейрода өтеді. Оған 42 мемлекет қатысып жатыр.

Сантьяго Пенья 2023 жылы мамырда Парагвай президенті болып сайланды және сол жылдың тамыз айында қызметіне кірісті

Ел президентінің ресми сайтында Пенаның 1978 жылы 16 қарашада дүниеге келгені жазылған. Ол Парагвайдың Орталық банкінде және Халықаралық валюта қорында жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189225-paragvai-prezidentin-g20-sammitinen-zhedel-zhardem-alyp-ketti/