Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Жарияланған күні:

Өзбекстан туы
Өзбекстан туы. Көрнекі фото: getty/stock photo

Өзбекстанның министрлер кабинеті жаңадан сайланған парламент алдында өкілеттігін тоқтатты – ел үкіметі отставкаға кетті. Тиісті қаулыға 19 қарашада премьер-министр Абдулла Арипов қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент жарлығымен жаңа министрлер кабинеті жасақталғанша қазіргі үкімет өз қызметін жалғастырады, деп жазады Gazeta.uz.

Бұл заң шығарушы органның құрамы жаңартылғаннан кейін атқарушы билікті қайта іске қосуға бағытталған стандартты рәсім, деп жазады басылым.

Жаңа парламент құрылғаннан кейін бір ай ішінде Өзбекстан президенті саяси партиялардың барлық фракциясымен консультациялар өткізгеннен кейін премьер-министрдің кандидатурасын заң шығару палатасының қарауына енгізеді.

Премьер-министр тағайындалғаннан кейін жаңа үкіметті құру басталады.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189631-ozbekstan-ukimeti-otstavkaga-ketti/