Қырғызстанда жер сілкінісі болды
Жарияланған күні:
20 қарашаға қараған түні Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 689 км жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Қазақстанда жер сілкінісі сезілген жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының ресми сайтында хабарланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі 20 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 03:53-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде болған. Орталық Қазақстан Республикасының аумағында сілкініс сезілмеген.
Сейсмология институтының ресми сайтында жер сілкінісі ошағындағы жерасты дүмпуінің магнитудасы 4.1 болғандығы айтылған.
Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Лейлек, Рават, Қара-Суу, Коргон, Катран, Коргон ауылдарында 3,5 балл шамасында; Берік-Суу, Қызыл-Шарба 3 балл болған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінісі болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189853-qyrgyzstanda-magnitudasy-4-ten-asqan-zher-silkinisi-boldy/