Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда салмағы 7 килограмға жуық алып сәби дүниеге келді

Жарияланған күні:

Жаңа туған нәрестенің өлшемін алуда
Жаңа туған нәресте. Көрнекі фото: Pexels.com

Ташкент облысында салмағы 7 килограммға жуық алып сәби туылды. Анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Sputnik Өзбекстанның" Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ташкент облысы Нұрафшон қаласының перзентханасында салмағы 6 килограмм 865 грамм болатын батыр дүние есігін ашты.

"Нәрестенің жағдайы жақсы. Анасы баласын өзі босана алмағандықтан, арнайы ота жасалды", - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Феруза Рахматуллаеваның айтуынша, қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Ол мұндай жағдайдың Ташкент облысында алғаш рет тіркеліп отырғанын атап өтті.

Түркістанда салмағы 5 келіден асатын алып балалардың дүниеге келуі жиілегенін еске саламыз. Бұған дейін Халықаралық әйелдер күнінде Ақтауда алып бала дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189958-ozbekstanda-salmagy-7-kilogramga-zhuyq-alyp-sabi-duniege-keldi/