Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей чайлдфриді – бала туудан бас тартуды насихаттауға тыйым салды

Жарияланған күні:

Бала мен ересек адамның қолдары
Бала мен ересек адамның қолдары. Фото: pixabay.com

Ресей думасының жоғары палатасы – Федерация кеңесі чайлдфри, яғни бала туудан бас тартуды интернетте, БАҚ-та, кинофильдерде және жарнамада насихаттауға тыйым салатын заң қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шешімді 162 сенатор қолдаса, бір сенатор ғана қарсы шыққан. Құжатты Думаға бір топ депутат пен сенаторлар қыркүйекте ұсынған.

Заңға сәйкес, әлеуметтік желі иелері чайлдфриді насихаттайтын ақпаратты анықтау үшін мониторинг жүргізуге тиіс. Бұған қоса, бала туудан бас тарту бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталмауы керек. Осындай мәліметті жарнамада қолдануға да тыйым салынады.

Сонымен бірге фильмдерде чайлдфри насихатталатын болса, соның өзі туындыны көрсетуден бас тартуға негіз болады.

Заң ресми баспасөзде жариялағаннан 10 күннен кейін күшіне енеді.

Заң бұзған жеке тұлғаларға 400 мың, ал заңды тұлғаларға 5 млн рубльге дейін айыппұл салынады.

Чайлдфри – өз еркімен бала туудан саналы түрде бас тарту көзқарасы. Мұндай термин өткен ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190071-400-myng-rubl-aiyppul-salynady-resei-bala-tuudan-bas-tartudy-nasihattauga-tyiym-saldy/