Исландияда жанартау атқылады (видео)
Жарияланған күні:
Исландиядағы Рейкьянес түбегінде жанартау атқылады. Гриндавик қаласында азаматтарды эвакуациялау басталды. Бұл туралы The Reykjavík Grapevine басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сәрсенбі, 20 қарашада сағат 23:14-те Сундхнуксгигар кратер жотасының бойында жаңа атқылау басталғаны хабарланды.
Басылым мәліметінше, бұл жанартау 2023 жылдың желтоқсанынан бергі жетінші атқылауы.
"Лава солтүстік пен шығысқа қарай ағып жатыр. Қазіргі уақытта Гриндавикке немесе басқа инфрақұрылымға қарай лава ағыны жоқ", - делінген материалда.
Cоған қарамастан Гриндавикте халықты эвакуациялау басталды. Бұл туралы ақпаратты полиция растады. Атқылау кезінде қалада 60-қа жуық адам болған деген болжам бар.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін де Исландия түбегінде жанартау атқылап, лава аққанын хабарлаған едік. Сол кезде табиғат құбылысына байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190407-islandiiada-zhanartau-atqylady-video/