Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде жолбарыс адамға шауып, оны орманға қарай сүйреп әкеткен

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жолбарыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Хабаровск өңірінде жолбарыс жүк көлігінен түскен адамға шабуыл жасады. Оқиға куәгерлері жолбарыс жәбірленушіні орманға сүйреп әкеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Хабаровский край сегодня" ақпараттық агенттігінің мәліметінше, 20 қарашада кешке Хабаровск өлкесінің бірыңғай диспетчерлік қызметіне жолбарыстың адамға шабуыл жасағаны туралы куәгерлерден қоңырау түскен. Олардың айтуынша, оқиға Лазо ауданы Солонцовый ауылынан 20 шақырым жерде болған.

Куәгерлердің айтуынша, қараңғыда жыртқыш жануар орманнан атып шығып, ағаш ұстасына тап беріп, жәбірленушінің денесін тайгаға сүйреп әкеткен.

РБК журналистері оқиғаның мән-жайын Ішкі істер министрлігінің облыс бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінен анықтаған.

"Жол тайғақ болғандықтан, дөңгелектеріне шынжыр тақпақ болған ер адам жүк көлігінен сыртқа шыққанда, оған жолбарыс тап берген", - деп хабарлады ведомстводағылар

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, аудандық полиция бөліміне бұл жайт туралы хабарлама түскен, арнайы топ шалғай елді мекенге оқиға орнына аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190692-reseide-zholbarys-adamga-shauyp-ony-ormanga-qarai-suirep-aketken/