Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

6,2 млн доллардың бананы: қарапайым инсталляция аукционда сатылды

Жарияланған күні:

"Комик" инсталляциясы
Маурицио Кателланның "Комик" инсталляциясы: Sotheby's аукционы сайтында жарияланған сурет

Сәрсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында кейінгі жылдардағы ең танымал инсталляциялардың бірі сатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Скотчпен жапсырылған бананнан ғана тұратын "Комик" атты инсталляцияны суретші Маурицио Каттелан дайындаған. Криптовалютамен айналысатын кәсіпкер Джастин Сан осы жұмысты 6,2 млн долларға сатып алды. "Комик" аукцион қарсаңында бұдан төрт есе аз ақшаға бағалаған.

Джастин Саннан бөлек, осы жұмысқа тағы алты адам қызыққан.

"Бұл өнер туындысы ғана емес, өнер әлемі, мемдер және криптовалюта қауымдастығы арасына көпір болатын мәдени феномен", - деп жазды кәсіпкер X әлеуметтік желісіне.

"Алдағы күндері мен бұл бананды ерекше көркем экспириенс ретінде өзім жеймін", - деп әзілдеді Джастин Сан.

Мәліметтерге қарағанда, Нью-Йорк аукционына қойылған банан сол күні таңертең Манхэттандағы көкөніс жаймасынан бар болғаны 35 центке сатып алынған. Бангладештік саудагер тауары 6,2 млн долларға қайта сатылатынын білмегенін мәлімдеген.

Италиялық суретші Маурицио Каттелан осы инсталляциясын 2019 жылы таныстырған. "Комик" әлеуметтік желілерде вирус секілді тарап, нақты нені өнерге жатқызу керектігі туралы пікір-талас туғызған. Жұмыс әлемнің көптеген елін аралаған.

2019 жылдан бері инсталляциядағы бананды екі мәрте жеп кеткен. 2023 жылы Сеул музейіне қойылған "өнер туындысын" бір студент жеп құртса, 2019 жылы "Комик" дәмін Майами-Бичтегі көрмеде суретші Дэвид Датун татып көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190756-6-2-mln-dollardyng-banany-qarapaiym-installiatsiia-auktsionda-satyldy/