Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар": Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Владимир Зеленский
Владимир Зеленский: Spencer Platt/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Днепрге жаңа баллистикалық зымырандармен жасаған шабуылы жөніндегі мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Зеленскийдің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Ресейдің Днепрге жаңа зымырандарымен соққы жасау арқылы қақтығысты ушықтыруға елеулі қадам жасағанын айтты.

"Бұл – соғыстың ауқымы мен қатыгездігінің айқын ұлғаюы, Ресейдің БҰҰ жарғысын дөрекі түрде бұзуы. Мынаны айта кетейін: бұл Ресейдің эскалацияға бір жыл ішіндегі екінші қадамы. Алғашқы қадамы Солтүстік Кореяны – кем дегенде 11 мың сарбаздан тұратын контингентті Украинаға қарсы соғысқа тартуы болды ", - деді Украина басшысы.

Оның айтуынша, Ресей президенті соғысты ушықтырмауға шақырғандарды елемейді.

"Оның Қытайдың, Бразилияның, Еуропа елдерінің, Американың, әлемнің басқа елдерінің не талап етіп жатқанына түкіргені бар. Бұл мүлдем себепсіз соғысты бастаған және соғыстың мың күннен астам уақытқа созылуына себепкер болған жалғыз адам – Путин", - деп жазды Зеленский.

Днепрге жасаған соққысымен Ресей бейбітшілікті қаламайтынын растады, деп санайды Украина президенті. Зеленскийдің айтуынша, мұндай әрекеттер Украинаның ұзақ қашықтықтағы қаруды қолдануына жауап бола алмайды, өйткені Украина мұны бұрын да жасаған.

"Біз бұл қаруды бірінші рет қолданып отырған жоқпыз және біздің өзімізді қорғау құқығымыз басқа елдермен бірдей. Ресей зымырандары біздің қалаларға соққы берген кезде, Украинаға әр түнде ирандық "шахедтер" шабуыл жасағанда, Солтүстік Кореядан келген контингент шекарамызға орналастырылған кезде, Путин соғысты қиындатып қана қоймады, ол әр кез бейбітшілікті қалпына келтіруді қалайтындардың бетіне түкіріп отыр", - деп жазды Зеленский.

Ол әлем елдерін Ресей Федерациясының әрекетіне назар аударуға шақырды.

"Әлем бұған реакция жасауы керек. Қазір әлем тарабынан ерекше реакция жоқ. Путин мұндайға өте сезімтал. Ол сіздерді тексеріп отыр, құрметті серіктестер. Бұл соғысқа бірден-бір кінәлі, осы соғысты 24 ақпанда бастап, соғыстың жалғасуына бар күш-жігерін салып жатқан кім екені баршаға аян. Оны тоқтату керек. Егер Ресейдің әрекетіне қатал реакция болмаса, олар осылай істеуге болатынын көріп отыр. Міне, Путиннің істеп отырғаны", - деді ол.

Ол Украинаның серіктестерін Ресейді бейбітшілікке үндеуге шақырды.

Еске салайық, кеше, 21 қарашада Путин арнайы үндеу жасап, Украинадағы қақтығыс жаһандық сипат алғанын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, 19 қарашада америкалық 6 ATACMS зымырандары және 21 қарашада британдық Storm Shadow жүйелері Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға соққы берген. Бұған жауап ретінде 21 қарашада Ресей Украинаның Днепріне ядросыз жаңа гипер дыбысты "Орешник" зымыранымен соққы берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190959-beibitshilikti-qalaityndarga-tukirgeni-bar-zelenskii-putinning-zhanga-zymyrandar-turaly-malimdemesine-zhauap-berdi/