Франция үкіметіне 60 жылда алғаш рет сенімсіздік вотумы жарияланды
Жарияланған күні:
Франция парламенті Мишель Барнье кеңсесіне сенімсіздік вотумын жариялады. Республика үкіметі 60 жылда алғаш рет осындай жолмен таратылып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 4 желтоқсанда Франция ұлттық жиналысы Мишель Барнье кеңсесіне сенімсіздік вотумын жариялап, дауысқа салды. Парламенттегі екі партия – "Ұлттық бірлік" және "Жаңа халық майданы" үкіметке сенімсіздік білдіріп, осындай ұсыныс тастады. Парламенттегі 577 депутаттың 331-і бастаманы қолдады.
Енді президент Эммануэль Макронға үкіметтің таратылуын қабылдауға мәжбүр болады, ал Францияны тағы уақытша үкімет басқарады.
Алайда заң Барньеге жаңа мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік береді. Конституцияға сәйкес, жаңа сайлау соңғысынан бір жылдан кейін ғана ұйымдастырылады. Парламент сайлауы шілдеде өткен. Дәл осындай жағдай 1962 жылы болған. Сол кезде Жорж Помпиду үкіметі таратылған.
Естеріңізге сала кетейік, саяси күштер арасындағы келіспеушілік 2025 жылға арналған бюджетті бекіту кезінде басталған. Барнье кеңсесі бюджет тапшылығын қысқарту мақсатында 40 млрд еуро шығынды кесіп тастауды, ірі корпорациялар мен ауқатты француздарға салықты көбейтуді ұсынған. Салықтың мұндай түрі қазынаға 20 млрд еуро әкелер еді.
Биыл маусым айында Франция президенті парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізген. Шілдеде "Жаңа халық майданы" партиясы жеңіске жетіп, Ұлттық жиналыстан 182 орын алған. Президент Макронның «Біргеміз» партиясы екінші орын алып қалған. Қыркүйектің басында президент премьер-министр қызметіне Мишель Барньені тағайындап, оған жаңа үкімет тағайындауды тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2196363-frantsiia-ukimetine-60-zhylda-algash-ret-senimsizdik-votumy-zhariialandy/