Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілімізді қалдырды": Армения тарабы ҰҚШҰ-ға қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
ҰҚШҰ мемлекеттері туы
ҰҚШҰ мемлекеттері туы. Фото: aqorda.kz

Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Арменияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға қатысты ҰҚШҰ-ның "немқұрайлы көзқарасынан" көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мирзоян өз ұстанымын Lännen Media басылымына берген сұқбатында айтты.

"Мұндай немқұрайлы көзқарас көңілімізді қатты қалдырды. Бұл шынымен де қоғамдық пікірді өзгертті", - деді ол.

Соңғы жылдары Арменияның халықаралық дәрежеде мойындалған шекарасы бірнеше рет бұзылды, бұл жағдайда ел "шынайы қолдау алған жоқ", - деді ол. Оның айтуынша, әскери одақтың мәні одақтастардың бір-біріне көмектесуі болып саналады.

"Бұл бізді қайда апаратынын болжай алмаймын, бірақ біз еуропалық серіктестермен қарым-қатынасымызды тереңдетіп жатырмыз деп айта аламын", - деп қосты министр.

Мирзоян сөз экономика, экономикалық қарсылық, сондай-ақ ЕО-мен саяси диалог пен өзара түсіністік турасында болып отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, биыл жазда Алматыда Достық үйінде Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасында келіссөз жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2198238-kongilimizdi-qaldyrdy-armeniia-taraby-uqshu-ga-qatysty-malimdeme-zhasady/