Грузиядағы президент сайлау: елде наразылық шерулері басталды
Жарияланған күні:
Тбилисидегі Грузия парламенті ғимаратының алдында наразылық шерулері өтіп жатыр. Бүгін осы ғимаратта президент сайлауы өтіп жатыр.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, президент сайлауы өткен Грузия парламенті ғимараты жанында полиция күштері шоғырланған. Ал мұнда наразылық білдірушілердің алғашқы топтары келген.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили парламент ғимаратының жанында Руставели даңғылымен өткен. Шеруге шыққандар "Саломе, Саломе" деп айғайлап қарсы алды. Ол тоқтамай және ешқандай мәлімдеме жасамай өте шыққан.
РБК агенттігінің жазуынша, ол журналистерге "жұмысқа бара жатқанын" айтып, Орбелианидегі президент сарайына бет алды.
Еске сала кетейік, Грузияда президент сайлауы өтіп жатыр, оған бір адам ғана үміткер. Ел тарихында тұңғыш рет президентті халық емес, арнайы алқа сайлайды.
Грузиядағы президенттік сайлауға коллегияның 300 мүшесінің 170-і қатысты, бұл сайлау өтті дегенді білдіреді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-ден кейін дауыстарды санау басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2200577-gruziiadagy-prezident-sailau-eldegi-narazylyq-sheruleri/