Садыр Жапаров Қырғызстан министрлер кабинетінің жаңа басшысын тағайындады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстан президенті Садыр Жапаров Адылбек Қасымалиевті елдің министрлер кабинетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қырғызстан Республикасы президентінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Садыр Жапаров Адылбек Қасымалиевті министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар ол бұрын атқарған лауазымдарынан босатылды.
Еске салсақ, 16 желтоқсанда Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметінен кетті. Оның өз еркімен арыз жазғаны белгілі болған еді.
Осыдан кейін Садыр Жапаров Адылбек Қасымалиевті министрлер кабинеті төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындау туралы жарлыққа қол қойған.
Айта кетейік, Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Адылбек Қасымалиев бұған дейін ел президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген, кейін оның міндетін атқарушы болған. Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін де атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2201850-sadyr-zhaparov-qyrgyzstan-ministrler-kabinetining-zhanga-basshysyn-tagaiyndady/