Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша ChatGPT жұмысында ақау шықты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Чатбот ChatGPT
Чатбот ChatGPT. Фото: Future Publishing/Getty Images

Дүние жүзіндегі қолданушылар OpenAI сервистерінің, соның ішінде ChatGPT негізіндегі іздеу жүйесінің жұмысында ақау шыққанын жеткізді. Бұл туралы KAZ:NUR.KZ Downdetector порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақаулар туралы Downdetector порталындағы ақпаратта жазылды.

Шағымдар Мәскеу уақыты бойынша сағат 22.00 шамасында түсе бастаған. Көбіне сайтқа кіру және мобильді қосымшаның жұмысында қиындық болған. Нидерланды, Германия, Қазақстан, Польша, Финляндия және т.б. пайдаланушылары ақау туралы хабарлады. ChatGPT сайтына кірген кезде қателік бар екені туралы хабарлама пайда болған.

OpenAI компаниясына сілтеме жасаған РБК мәліметінше, ChatGPT, API және Sora-да қателіктер жиі тіркеледі.

"Бұл мәселе жоғары деңгейдегі провайдерден туындағаны анықталды және біз қазір оны бақылап отырмыз", - делінген хабарламада.

ChatGPT соңғы рет қараша айының басында жұмыс істемей қалған еді. Ол кезде пайдаланушылар негізінен чат-боттың өзіне, сондай-ақ OpenAI сайтына кіруге қатысты мәселелер барын хабарлады.

ChatGPT – диалог жүргізуге, кодтағы қателерді іздеуге, өлең шығаруға, сценарий жазуға және кез келген сұрақтарға жауап беруге қабілетті чат-бот, нейрондық желі. Бот пайдаланушымен диалогты есте сақтайды және даулы тақырыптар туралы айтылмайды. Оның жауаптарын жетекші сұрақтар арқылы түзетуге болады.

Жақында сарапшылар нейрондық желі кейде қателіктер жіберетінін, ал кейде тіпті қате деректер негізінде қауіпті код жасай алатынын анықтады, алаяқтар оны пайдалануы да мүмкін.

Чат-бот 2022 жылғы 30 қарашада іске қосылды; ол Ресейде қолжетімсіз. OpenAI бас директоры Сэм Альтман былтыр ChatGPT-ті 185 елде 100 миллионға жуық адам апта сайын қолданатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2205756-alem-boiynsha-chatgpt-zhumysynda-aqau-shyqty/