NYT: Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатына бірнеше фактор әсер етті
Жарияланған күні:
Читать на русскомСарапшылар Jeju Air ұшағының апатқа ұшырауы туралы айтты. Олардың пікірінше, қайғылы жағдайға бірқатар фактор себеп болған, деп жазады The New York Times.
Басылым ұшақтың кестеден 30 минутқа кешіккенін атап өтті. Шенеуніктер апатқа байланысты туындаған сұрақтарға қатысты алдын ала мәлімдеме жасамауға тырысқан.
Бірақ қонған кездегі бейнежазбаны қарап шыққан сарапшылардың айтуынша, ұшақ апатты әлдеқайда ауырлатқан бірнеше факторға тап болған.
Әдетте Муан әуежайының ұшу-қону жолағы ұзындығы 9200 фут. Бірақ Jeju Air ұшағы қонуға келгенде құрылыс жұмыстарына байланысты небәрі 8200 фут пайдалануға жарамды болды.
Сарапшылар пікірінше, қону кезінде ұшқыш қозғалтқыштар мен шассиді басқара алмаған. Сонымен қатар мамандар қозғалтқыштағы проблемалар міндетті түрде шассидегі ақауларды білдірмейтінін атап өтті.
Олардың айтуынша, жылдамдықты төмендетудің тағы бір құралы – қақпақшалар болмаған.
Ұшақтың жылдам ұшқаны сонша, ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, топырақ бөгетпен қоршалған бетон конструкцияға соғылды. Бұл құрылым локализация антеннасын орнату үшін салынған. Кей сарапшылардың пікірінше, егер ол жерде бетон конструкциясы болмаса немесе антенна оңай сынатын тірекке орнатылса, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді.
Сарапшылар құстарға қатысты жағдайға да назар аударды – Муан әуежайында Оңтүстік Кореяның басқа әуежайларына қарағанда құстар көбірек соқтығысады.
Шенеуніктер әуежайдың құстарға қарсы күрес жөніндегі үкімет ұсыныстарын орындаған-орындамағанын тексеретінін айтты.
Еске салсақ, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда Jeju Air 7C2216 рейсі апатқа ұшырады. Салдарынан 179 адам қаза тапқан.
Ұшақ бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 175 жолаушы, 4 бортсерік және 2 ұшқыш болған.
Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұшақ апатына байланысты 29 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алғанда ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2207127-nyt-ongtustik-koreiadagy-ushaq-apatyna-birneshe-faktor-aser-etti/