RU
Мұхтар Жәкішев түрмеде тағы да жазаға тартылды

Мұхтар Жәкішев түрмеде тағы да жазаға тартылды

Рассказать Вконтакте

Түрмеде жазасын өтеп жатқан «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мекемеде 5 ынталандыру алды және бір мәрте жазаға тартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті директорының орынбасары, әділет подполковнигі Қуат Қилыбаев мәлім етті.

«Жазасын өтеу кезінде 5 ынталандыру алды және бір рет жазаға тартылды», - делінген ресми жауапта. Дегенмен хатта бұл жаза не үшін болғаны, Жәкішев оны қалай өтегені айтылмады.

Хатта атап көрсетілгеніндей, Мұхтар Жәкішев, 1963 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 176 бабының 3 тармағы, «а», «б», «г» тармақшасы, 193 бабының 3 тармағы, «а», «б» тармақшасы, 307 бабының 4 тармағы, 235 бабының 1 тармағы, 58 бабы 3, 6 тармағы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА 155/8 мекемесіне 2015 жылдың 25 сәуірінде жеткізілді. Сонымен қатар 2013 жылдың 31 желтоқсанында Қылмыстық-атқару кодексінің 116 бабына сәйкес, мекеме комиссиясы оны жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына көшіруді шешкен.

«Мекемеге жеткізілгеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Ерікті түрде талап-арызды өтеуде. Еңбекке деген қарым-қатынасы оң. Мекеме аумағын абаттандыруға, отрядтың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту ісіне тиянақты қарайды. Тәрбиелік, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға, сонымен қатар отрядтың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» агенттігіне.

Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухат мекеме әкімшілігіне түспегендіктен, аталмыш сұрақ сотта қаралған жоқ деп хабарлайды департамент өкілі.

Тағы да оқыңыздар:

Жолаушы қызбен төсектес болған қызылордалық таксиші ауыр дерт жұқтырды

Павлодарлық орманшылар 25 жастағы қызды зорлықтан құтқарды

Солтүстік Кореялық атлет күміс алғаны үшін президенттен кешірім сұрады

Олимпиадада ұтылып қалған Новак Джокович көз жасын тоқтата алмады (фото)

Заттыбек жетім балаларға тегін концерт беріп қуантты

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel