jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

NUR.KZ Ұтыс ойынының ережелері

1. Жалпы ережелер

1.1 Бұл Ережелер NUR.KZ жаңалықтар порталының тіркелген қолданушылары арасында ай сайынғы ұтыс ойынын (бұдан әрі «Ұтыс ойыны») өткізу тәртібін реттейді.

1.2 Ұтыс ойынын ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін «Internet Portal Nur» (Интернет Портал Нур) Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы»).

1.3 Ұтыс ойыны лотерея немесе басқа да құмар ойыны емес. Ұтыс ойынына қатысу үшін ешқандай ақы алынбайды; ұтыс ойынына қатысу-қатыспау қолданушының өз еркінде және https://www.nur.kz/ сайтында жарияланған қолданыстағы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

1.4 Ұтыс ойынына қатысу арқылы қолданушы бұл Ережелерді толық оқып шыққанын, олардың мазмұнын түсінгенін және шарттарымен сөзсіз келісетінін растайды.

1.5 Ұйымдастырушы бұл Ережелердің жаңартылған нұсқасын кез келген уақытта сайтта жариялау арқылы оны өзгертуге құқылы. Өзгерістер жарияланғаннан кейін Ұтыс ойынына қатысуды жалғастыру өзерістерді қабылдағаныңызды білдіреді.

2. Ұтыс ойынына қатысушылар

2.1 Ұтыс ойынына тек осы бөлімнің барлық талабына сай келетін NUR.KZ порталының тіркелген қолданушылары (бұдан әрі — «Қатысушы») қатыса алады.

2.2 Ұтыс ойынына Қазақстан Республикасының азаматы немесе тұрақты тұрғыны болып табылатын 18 жасқа толған жеке тұлға қатыса алады.

2.3 Қатысу үшін міндетті шарт - мына кезеңдердің бірінде NUR.KZ порталына тұрақты түрде кіргеніңіздің дәлелінің болуы:

  • 30 (отыз) күнтізбелік күн;
  • 60 (алпыс) күнтізбелік күн;
  • 90 (тоқсан) күнтізбелік күн;
  • 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн;
  • 365 (үш жүз алпыс бес) күнтізбелік күн.

2.4 Тіркелген қолданушы осы Ережелердің 2.3-тармағында көрсетілген бүкіл мерзім ішінде жеке кабинетіне күніне кемінде бір рет кірсе, бұл тұрақты кіру ретінде саналады.

2.5 Ұтыс ойынына қатысу құқығы Қатысушыға тұрақты кіру кезеңдерінің шекті мәндерінің біріне жеткенде автоматты түрде беріледі және аккаунттың барлық келесі белсенділік кезеңінде сақталады.

2.6 Бір тіркелген аккаунт, қанша кезеңге қол жеткізгеніне қарамастан, бір күнтізбелік ай ішінде бір (1) ғана өтінім беруге құқылы.

2.7 Ұйымдастырушының қызметкерлері, олардың жақын туыстары, сондай-ақ Ұтыс ойынын ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын тұлғалар ұтыс ойынына қатыса алмайды.

3. Ұтыс ойынын өткізу кезеңі

3.1 Ұтыс ойыны ай сайын өткізіледі. Есеп беру кезеңі — бір толық күнтізбелік ай (айдың алғашқы күні сағат Астана уақыты бойынша [UTC+5] 00:00:00-ден бастап айдың соңғы күні [соңғы күнді қоса алғанда] сағат 23:59:59-ға дейін).

3.2 Ұтыс ойынына қатысуға өтінімдер есепті күнтізбелік ай бойы қабылданады.

3.3 Нәтижелер қорытындысы мен жеңімпаздар есепті күнтізбелік айдан кейінгі айдың бірінші сейсенбісінен кешіктірілмей анықталады.

3.4 Егер келесі айдың бірінші сейсенбісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс (мереке) күні болса, нәтижелер келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады.

4. Ойын ұтысына қатысу тәртібі

4.1 Ұтыс ойынына қатысу үшін қолданушы мына әрекеттерді орындауы керек:

  • NUR.KZ порталында расталған электрондық пошта адресімен тіркелген болуы керек;
  • тұрақты кірудің шекті мәндерінің біріне қол жеткізуі керек (2.3-тармақ);
  • есепті айда жеке кабинет арқылы арнайы «Ұтыс ойыны» бөлімінде өтінім беруі керек.

4.2 Қолданушының шекті мәнге жеткенінің дәлелін порталға кірушілерді бақылау жүйесі автоматты түрде тіркеп отырады.

4.3 Ұйымдастырушы жүлдені тапсырар алдында Қатысушыдан қосымша жеке басын және байланыс ақпаратын растауды сұрауға құқылы.

5. Жеңімпаздарды анықтау

5.1 Жеңімпаздар есепті айда өтінім берген және осы Ережелердің талаптарына сай келетін барлық қатысушы арасынан кездейсоқ таңдалады.

5.2 Жеңімпаздарды анықтау үшін Ұйымдастырушы кездейсоқ сандарды генерациялайтын бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа верификацияланатын кездейсоқ таңдау механизмін пайдаланады.

5.3 Жеңімпаздар саны мен жүлделер тізімін Ұйымдастырушы әрбір есепті ай үшін бөлек анықтайды және жеңімпаздар саны мен жүлделер тізімі есепті ай басталғанға дейін порталда жарияланады.

5.4 Әр күнтізбелік айдағы жеңімпаздар саны:

  • Салт атты - 30 (отыз) күнтізбелік күн - 3 жүлде
  • Ақылман  - 60 (алпыс) күнтізбелік күн - 2 жүлде
  • Ұраншы - 90 (тоқсан) күнтізбелік күн - 1 жүлде
  • Шежіреші - 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн - 1 жүлде
  • Бәйтерек - 365 (үш жүз алпыс бес) күнтізбелік күн - 1 жүлде

6. Нәтижелерді жариялау және жүлделерді табыстау

6.1 Ұтыс ойынының нәтижелері есепті айдан кейінгі айдың бірінші сейсенбісінен кешіктірілмей NUR.KZ порталында «Ұтыс ойыны» бөлімінде жарияланады.

6.2 Жеңімпазға тікреулік жазбасында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы жүлде ұтқаны жөнінде қосымша хабарланады.

6.3 Жеңімпаз хабарламаны алғанын растауға және нәтижелер жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүлдені алу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.

6.4 Егер жеңімпаз көрсетілген мерзімде қажетті ақпаратты бермесе, Ұйымдастырушы қосымша ескертусіз жүлдені алу құқығын жойып, қалған қатысушылардың арасынан жеңімпазды қайта таңдауға құқылы.

6.5 Ұйымдастырушының өзі нақты келіскен болмаса, жүлделерді қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды.

6.6 Сыйлықтар Ұйымдастырушы белгілеген тәртіп бойынша беріледі (жүлдені өзі алып кетуі, Қазақстан бойынша жеткізу және т.б.).

7. Жеке деректерді өңдеу

7.1 Ұтыс ойынына қатысу арқылы Қатысушы Ұтыс ойынын өткізу және Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүлделерді табыстау мақсатында Ұйымдастырушы оның жеке деректерін өңдейтініне келіседі.

7.2 Қатысушылардың жеке деректері тек осы Ережелерде көзделген мақсаттар үшін пайдаланылады және қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, Қатысушының нақты келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

7.3 Өз есімін жариялаудан бас тартқысы келетін жеңімпаздар нәтижелер жарияланғанға дейін Ұйымдастырушыға бұл туралы хабарлауға құқылы.

8. Ұйымдастырушы неге жауапты

8.1 Ұйымдастырушы қатысушының өзінде пайда болған техникалық ақауларға, сондай-ақ Интернет желісінің жұмысындағы ақауларға байланысты ұтыс ойынына қатыса алмағаны үшін жауапты болмайды.

8.2 Ұйымдастырушы жеңімпаздың дұрыс емес байланыс ақпаратын беруінен туындаған кез келген кідіріске немесе жүлдені жеткізу мүмкін болмағанына жауапты болмайды.

8.3 Ұйымдастырушы ұтыс ойыны кезінде, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін кез келген уақытта, түсіндірмесіз, осы Ережелердің кез келген шартын бұзған немесе Ұйымдастырушыда трафикті арттырудың рұқсат етілмеген әдісін (боттар, алаяқтық, жалған аккаунттар және т.б.) қолданған қолданушыны, қатысушыны немесе жеңімпазды (оның ішінде Ұтыс ойынының танылған жеңімпазын жүлде алу құқығынан айыру) дисквалификациялауға құқылы.

9. Қорытынды ережелер

9.1 Осы Ережелер NUR.KZ сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

9.2 Ұтыс ойынына қатысты барлық сұрақты қатысушылар Ұйымдастырушыға NUR.KZ порталының «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген электрондық пошта арқылы жолдай алады.

9.3 Ұтыс ойынына байланысты туындайтын барлық дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.