Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Алатау» дәстүрлі өнер театры алматылықтарды киноға шақырады

Опубликовано:

Алматыда алғашқы болып ашылған «Алатау» дәстүрлі өнер театры өнерсүйер қауым үшін айтулы жаңалық болды. Енді міне, аталмыш театрға қарасты кинотеатрда киносүйер қауым үшін түрлі фильмдердің көрсетілімі өтуде.

Күнделікті күйбің тірліктен жалыққанда бір уақыт кинотеатрға барып,  сананы серпілткенге не жетсін?! Б.Момышұлы мен Т.Рысқұлов көшелерінің қилысында орналасқан кинотеатрдың көрермендері бұл орталықты ашылуын көптен күткен сыңайлы.

Кинозал соңғы техникамен жабдықталған, кино көрсетілім сапасы жоғары дәрежеде, көрермендер үшін жайлылық пен ыңғайлылық қарастырылған. Сондай-ақ, «3D» форматындағы фильмдерді де еркін тамашалай аласыздар. Жаңа кинозалдың билет құны қалта көтерерлік.  Билет бағасы ересектерге - 500 -900 теңге, студенттерге -300-400 теңге, ал, зейнеткерлерге - 200 теңге.

Бұл бағалар басқа мәдени орталықтармен салыстырғанда әлдеқайда төмен екені анық. Мұнда «Анаға апарар жол», «Тараз» атты отандық кинофильмдер көрсетіліп, түрлі мультипликациялық топтамалар көрерменге жол тартуда. Кинозал қорында халқымыздың ұлттық қасиеттері мен тәлім-тәрбиесін насихаттайтын көркем және деректі фильмдер, шетелдік жаңа кинофильмдер бар. Сонымен қатар көрсетілім кестесі заманауи кинолармен де толықтырылып тұрады.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының Кинозалында қараша айның 3-ші жұлдызында "Районы" фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмде сексенінші жылдардың соңындағы Алматы өмірі көрсетіледі. Басты кейіпкер Әрсеннің отбасы қала шетінен орталыққа көшіп келеді. Жаңа мектептегі енді үйреніп келе жатқан бозбала жоғары сынып оқушылары арасындағы «ауданға бөліну» жүйесін байқайды. Хабиб және Азамат есімді достар тауып, қылмыстық әлемнің шырмауына тап болады. Сондай-ақ, фильмде жаңа актерлер бой көрсетеді.

Жыл: 2016

Шығарушы ел: Қазақстан

Режиссер: Ақан Сатаев

Басты рөлдерде: Гүлнар Дусматова , Жанна Қуанышева , Азиз Бейшеналиев , Санұржан Сүлейменов , Жандос Айбасов , Әсел Сағатова , Шәріп Серік , Елтіріс Нұржанов , Марйам Сатаева , Данияр Алшынов , Жеңіс Омаров , Владимир Логинов , Жалғас Жанғазин , Илья Лошицкий , Жасұлан Өмірбек

Сценарий:Тимур Жақсылықов

Продюсер: Ақан Сатаев , Әлия Меңдіғожина , Ернар Құрмашев , Олжас Тоқтаров , Дәурен Құмпейісов

Жанр: Драма , Қылмыстық

Қазақстандағы премьера: 3 қараша 2016

Сондай-ақ, Кинозал экранынан «Большой собачий побег», «Макс Стил», «Расплата», «Синдбад. Пираты семи штормов» және тағы басқа отандық және шетелдік топтамаларды тамашалай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1306161-alatau-dasturli-oner-teatry-almaty/

pixel