RU

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты

АҚШ-тың әйгілі миллиардері, байлығы 46 миллиард долларға тең танымал инвестор Уоррен Баффет бай болғысы келетіндерге төмендегідей кеңестер берді деп хабарлайды Замана басылымы.

► Күн сайын өз бойыңыздағы әлсіз, жаман мінездермен күресіңіз, оларды жойыңыз, өзгертіңіз. Өзіңіздің мықты қасиеттеріңізді, мүмкіндік, машық, дағдыларыңызды күшейтіңіз. Білім алыңыз, біліктілігіңізді арттырыңыз.

► Қажет кезде «жоқ» деген сөзді де айтып үйреніңіз. Өз уақытыңызды қадағалаңыз, басқарыңыз.

► Өзгенің қас-қабағына қарап шешім қабылдамаңыз, өзгенің шылауында кетпеңіз. Өзіңізді өзіңіз бағалай біліңіз.

► Іс-әрекетте жылдам болыңыз, нақты нәтижеге жұмыс істеңіз. Шешімді соза бермеңіз, көп ойланбаңыз. Әрдайым тез аңғарып, жылдам қимылдап үйреніңіз, бұл кейін табысқа жетелер жақсы әдетке айналып кетеді.

► Түскен табысты ең алдымен істің өркендеуіне жұмсаңыз.

► Қандай келісім болса да бәріне ерте бастан қам жасап, келісіп қойыңыз. Алданбау жағына аса мән беріңіз.

► Ұсақ-түйекке дейін мән беріп, оны пайдалы іске айналдырыңыз. Үнемді естен шығармаңыз, жөнсіз ысырап табысты тежеп тастайды.

► Өз ақшаңызды дұрыс жұмсай біліңіз. Ақшаны жоғалтпаңыз, қажетсіз іске шығындамаңыз. Әр нәрсеге екшеп-пішіп барып кірісіңіз.

► Қарыз алуға үйір болмаңыз.

► Сәтсіздікке соқтыратын нәрседен тез арада қол үзіп үйреніңіз. Қиялға сеніп, күтіп жүріп алмаңыз, одан тезірек арылыңыз.

► Алдағы күндерді елестетіп, көре біліңіз. Алдағы қадамдарыңызды есептеп қойыңыз. Әр нәрсеге көзді ашып, айқын қараңыз.

► Өз ісіңізден, жетістіктеріңізден ләззат алып үйреніңіз. Өзіңізге көңіліңіз толып, алға ұмтылуыңызға осы күш беретін болады.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Шымкентте 50 жастағы жездесінен балалы болған қыз бар сырын ақтарды (видео, фото)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

12 жыл комада болған ер адам жантүршігерлік жайттарды баяндады

Рамзан Қадыровқа 10 бала сыйлаған жұбайы туралы не білеміз?

Жас жігіт 38 жастағы 11 баланың анасына ессіз ғашық болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315962-ataqty-milliarder-shalqyp-omir-surgis.html