RU

Балғынбек Имашев Астанаға елбасының есімін беруге қарсы шықты

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев Астананың атын өзгертуге қатысты өз пікірін білдіріп, бұл бастаманы қолдамайтынын айтты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Еліміздің көшін кемелдікпен, даналықпен ілгері бастап келе жатқан елбасымызға қай шаһардың атын берсек те жарасады. Бірақ, өз басым қалаға адамның атын беруді құптамаймын. Әсіресе, көзі тірісінде. Тариxта қаншама ұлық тұлғалар керісінше туған қаласының атын алған (Фараби, Тарази, Бұxари, Басри т.б). Кеңестік кезеңде Әулиеата қаласының атауын Жамбылға өзгерткенде, жарықтық Жамбыл Жәкем қатты қапа болған екен. Елді-мекеннің атын өзгертуге қыруар қаржы кететіні белгілі. Дағдарыспен жағаласып, EXPO-мен қабаттасып жол ортада атымызды, қоналқада атауымызды өзгертейік дегеніміз қай сасқанымыз? Бұл мәселені көтере беру жағымпаздықтан гөрі қастандыққа көбірек ұқсайды. Нардың жүгін арқалаған Нұрсұлтан ағамызға қартайған шағында жаны ашып, абыройын қорғайтын адам қалмаған ба деп қаласың. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына міндетті түрде бір қалаға елбасының атын беру керек болса, онда Петропавлға не Павлодарға берсін. Себебі, сол қаланың атын өзгертуге 25 жыл бойы шамамыз келмей, сонда қоныстанған қалың орыстардан (бәлки, көрші Ресейден) именіп келеміз ғой. Егер екі қаланың біріне елбасының атын берсек, ондағылар  "қыңқ" ете қалмай қалады. Елбасының абыройын ел алдында түсіре бергенше, Ұлт көсемінің абырой-беделін ұлттың руxын көтеруге, мемлекеттің маңызды мәселелерін шешуге жұмсамаймыз ба?", - деп жазды Балғынбек Имашев.

Еске сала кетейік, Астанаға Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс көпшілік арасында қызу талқылануда. Бекболат Тілеухан бастаған мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты қолдап отыр. Елбасының өзі де осыған қатысты пікірін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Әйнектері шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" алғаш рет жеңіске жетті (видео)

Сапарбаев қыздарын жұмысқа тұрғызу үшін $20 мың пара берген шенеуніктің жазалануын талап етті

Дәрігерлер бір аптаның ішінде аяздан үсіп қалған 20-дан астам адамның аяқ-қолдарын кесіп тастаған

Алматыда трансгендер еркекті көру үшін изоляторда кезекке тұрғандар көбейген (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1328357-balghynbek-imashev-astanagha-elbasynynh.html