Дизайнер Жадо өзін "шошқаға" теңеген Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді
Жарияланған күні:
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваның басы дауға қалды. Дизайнер Жадыра Сахиева әншіні сотқа берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мен Жадоның арасындағы дау әлі де басылар емес. Өзінің жеке басына тиісіп, "шошқа" деп атаған әншіні дизайнер сотқа беріп, істі аяғына дейін жеткізем деп отыр.
Бүгін Алматы қаласы Медеу аудандық сотына Жадо, журналистер қауымы және оның адвокаттары келді.
Алайда Меруерт Түсіпбаева бұл жолы сотта бой көрсетпеді. Өзіне қатысты айтқан сынға желідегі парақшалары арқылы жауап берген әншіні Жадо енді кешірмеймін дейді. Себебі, оның жеке басыма тіл тигізуге қақысы жоқ деген ойда сәнгер.
"Мен ол кісіні жасы үлкен, халықтың еркесі деп құрметтейтінмін. Тіпті бұған дейін дос секілді болғанбыз. Осыған дейін ол немесе менеджерлері бір де бір рет маған телефон шалып, мән-жай туралы әңгімелескен жоқпыз. Ол маған орынсыз сын айтудан бұрын ойлануы керек еді. Біліп алып айтуы керек еді. Менің бір емес үш бірдей жоғары білімім бар. 2012 жылы Өнер академиясын бітіргенмін. Заңгер мамандығым тағы бар", - деді ол.
Оның айтуынша, әнші тіпті оның жеке басына да ауыр сөздер айтып, соның салдарынан бір айға жуық уақыт ауырып жатқан.
"Мен де қарапайым адам емеспін ғой. Өнерде жүргеніме 20 жылдай уақыт болды. Қаншама кино түсірдім. Қаншама киноға киім тіктім. Көп жерлерде әділқазалыр алқасында отырғандықтан, "халықтың ерке қызы Меруерт өзінің талғамына сай киінуі керек" деп жай ғана айттым. Ал ол болса, маған хабарласпай, желідегі парақшасына отбасым туралы, жеке басыма қатысты түрлі пікірлер айтыпты.
Мені шошқа деді. Мен мүмкін арықтай алмайтын науқас адам шығармын. Олай болмайды ғой. Екі қазақ қызы ел алдында қырылыспайық деп ойлап едім. Одан кіші болғандықтан, онымен бет жыртыспай заңға жүгінуді жөн көрдім", - дейді ол.
Жадыра Сахиеваның айтуынша, енді ол Меруерт Түсіпбаеваны айтқан сөздері үшін кешірмейді.
"Шыны керек, осыған дейін күттім. Тіпті бүгін де көріп, мүмкін әңгімелесерміз деп ойладым. Міне, ол кісі келген жоқ. Заң алдында барлығымыз бірдейміз ғой", - дейді сәнгер.
Тағы оқыңыздар:
Айфоны жарылған ақтөбелік бойжеткен денесіндегі қорқынышты күйіктерді көрсетті (фото 18+)
Жадо: Енді Меруерт кешірім сұраса да, кешірмеймін
Жамбыл ауданында дүниеге келген үшемнің отбасына баспана берілді
Астана вокзалындағы таксишілер жаңа жылдан кейін жаппай қуылуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1355360-zhado-endi-meruert-keshirim-surasa-da-ke-2/