Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Унитазға "малынатын" мұз кәмпиттер Қостанай тұрғынының ашуын келтірді (фото)

Опубликовано:

Ойыншық унитаз түрінде жасалған мұз кәмпиттер Қостанай тұрғыны Лола Лидің ашуын келтірді. Ол «Горшочек-Порошочек» кәмпиттерінің суретін «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Костанай. Отзывы о заведениях тобында жариялаған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Кеше құрбымның үйінде қонақта болдым. Балалардың қолынан мұз кәмпит көрдім. Таяқшадағы чупа-чупсты унитазға батырып, жалау керек екен. Мұндай ойыншықтармен баланың психикасын бұзып не керек?», - деп сұрақ қойған қыз.

Әлеуметтік желі қолданушылары топтағы бұл жазбаны қызу талқыға салды. Жазба астындағы пікірлерге көз салсақ, кейбіреулері мұндай мұз кәмпиттерді балаларға мүлде сатып алмау керек екенін айтса, енді бірі мұның психикаға еш теріс әсері жоқ деп санайды.

«Балама ешқашан сатып алмаспын мұны. Кәмпитті унитазға батырғаны былай тұрсын, бұл Қытайдың бояғыштар қосылған сапасыз тәттісі шығар тағы», - деп жазған Ксения Кокуль есімді қолданушы.

Ал Олеся Иванова мұндай «креативті» кәмпиттер бүгінде көп бүлдіршіндерге ұнайтынын жазған.

«Менің балаларым Марвиннен кір шұлық, құсық және тағы басқаның дәмі бар кәмпиттерді сатып алуды сұрап жатады. Айтуынша, жасөспірімдер арасында олар қазір «сәнде» екен», - дейді жас ана.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан футболшылары жартылай финалдағы жеңісін қалай тойлады?

Өзбек теннисшісі әйгілі Новак Джоковичті ұтып, сенсация жасады

Зейнетақысынан жырып берген ақшаға қанағаттанбаған жігіт туған әжесін тонап кетті

Ақтөбеде кезекті рет Samsung телефоны жарылып кетті (видео)

Балғынбек Имашев қазақ қыздарын қытайға тұрмысқа шықпай, тоқал болуға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1380941-unitazgha-malynatyn-muz-kampitter-qos/

pixel