Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 4 ай бұрын ғана үйленген жас жұбайлар өздеріне қол салды

Жарияланған күні:

Арқалықта кеше ғана отбасын құрған жап-жас қыз бен жігіт құпия жағдайда өздеріне қол салып қайтыс болды. Бұл жайында "Наш Костанай" басылымы хабарлап отыр. Оқиға 30 сәуір күні орын алған деп жазады Skifnews.kz.

Ерлі-зайыптылар Мұстафа мен Индира Торғай гуманитарлық колледжінің үшінші курсында оқыған. Олар небәрі 4 ай бұрын ғана үйленіп, Мұстафаның үйінде анасымен тұрып келіпті. Жігіттің әкесі осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған.

Колледж қызметкерлерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар "Дене шынықтыру" факультетінде оқыған. Екеуі де өте белсенді болыпты. Индира - воллейбол шебері болса, Мұстафа - футболшы. Екеуі де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі медальдар мен дипломдардың иесі атанған. Қайтыс болатын күні Индираның інісі әскерден келуі тиіс болған екен. Олардың суицид жасауына не себеп болғаны белгісіз.

"29 сәуір күні біздің колледжде облыстық семинар өтті. Екеуі де оған белсенді қатысып, ашық сабақтарда көзге түсті. Біз олардың қайтыс болғанына әлі сене алмай отырмыз. Полиция өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ, бізге не болғанын айтпады", - дейді Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сандуғаш Алматова.

Тергеудің құпиялылығына байланысты полицейлер мәлімет беруден бас тартыпты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев 94 жастағы кейуанамен вальс биледі (фото, видео)

Алматыда әйелімен ренжісіп қалған жүргізуші бағдаршамға соқтығысты

Елбасы "Отан қорғаушылардың" монументіне гүл қойып, рухына тағзым етті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1488365-qostanayda-4-ay-buryn-ghana-uylengen-zhas/