Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаламторда тест жауаптары саудаланып жатыр (фото)

Опубликовано:

Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ер адам Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Білім министрлігі әлеуметтік желіде ұлттық тестілеу жүйесін алдауға көмектесетін қосымшаның тарап жатқанын біле ме? Алаяқтардың ісі сияқты көрінді. Аталған ақпаратты зерттеп, шара қолдануға кеңес беремін", - деп жазған алматылық скриншоттарды көрсете отырып.

Ақпарат бойынша, программаның сатушылары оны 1500 теңгеге бағалаған және жеңілдіктер жасап, туған күн иелеріне жартылай бағаға сататын көрінеді.

Төлемді  Qiwi-кошелек арқылы қабылдайды.

Оның үстіне, сатушылар тұтынушыларымен белсенді араласып, программаның ерекшеліктері мен төлеу механизмін түсіндіреді.

Оның үстіне, парақшада алғыс білдірген тұтынушылар хаттарының скриншоты жарияланған.

Білім және ғылым министрлігінің Tengrinews.kz -тің ресми сұранысына берілген жауабында, базадағы тапсырмалардың қандай жолмен түскенін білмейтіндері айтылған. Министрліктің де, Ұлттық тестілеу орталығының да тест тапсырмаларын сатумен айналыспайтынына сенімді болуды атап өткен.

Сондай-ақ, мекеме тесттер мен дұрыс жауап кодтары мемлекеттік құпия болып табылатынын, желіде сатылған хаттар туралы факті ҰҚК қызметкерлеріне тапсырылатынын жазған.

БҒМ алаяқтық немесе құқық бұзушылық туралы факті қызметтік тексерістен кейін анықталатынын жеткізді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының жары жанайқайын айтты (видео)

Тұрғындар Алғабастағы тағы бір үйдің құлайын деп тұрғанын айтып, дабыл қақты (фото)

Қазақ тойында тыр жалаңаш шешініп тастап, стриптиз билеген қыз жаға ұстатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1494991-zhelide-bazadaghy-ubt-suraqtaryn-satat/

pixel