Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Қожа үш қызымен тастап кеткен айдай сұлу ару кім? (фото)

Жарияланған күні:

Танымал әнші Мұрат Қожа жуырда екінші мәрте үйленіп, жас келіншегі оған перзент сыйлаған еді. Алайда оны жұрт бірінші әйелін үш қызымен бірге тастап кетті деп сөгіп, сынап тастаған-ды. Әнші үш қызы бола тұра ажырасып кеткен жары кім?

Мұрат Қожаның алғашқы жарының есімі - Айман Нұразхан. Ол шоу бизнес әлемінен жырақта емес. Ол үнемі өнер жұлдыздарымен бірге, шоу бизнестің басы қасында жүреді.

Мейрамбек Беспаев, Ринат Зайытов, Ұлықпан Жолдасов секілді өнер жұлдыздарының отбасымен етене араласады.

Айман Нұразхан белгілі карикатурашы Еркін Нұразханның қызы. Сонымен бірге, танымал журналист Аида Боранбай оның туған келіні болып келеді.

Мұрат Қожаға Айман Арай, Іңкәр және Ажар есімді үш қыз сыйлаған. Олар 6, 5 және 2-сыныптарда оқиды.

Бұдан бірнеше күн бұрын әншінің үлкен қызы Іңкәр 13 жасқа толды.

Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасымен, өзімен де етене араласады.

"Өміріме еніп, оны құлпырта түскен жандарға рахмет! Сондай-ақ, өмірімнен кетіп, оны жақсарта түскендерге де алғыс айтамын", - деп жазған болатын жазбаларының бірінде.

Айман Нұразхан өнер жұлдыздарының мерекелік кештері мен отбасылық той-томалақтарында да бірге жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1500996-murat-qozha-ush-qyzymen-tastap-ketken-ay/